Тәңіршілдің лингвистикалық қатесі | Араб-парсы кірме сөздері
Бүгінгі таңда араб-парсы тілдерінен енген ең көп қолданылатын 3000 сөз бар.
Мұсылман — мумин/муслимин (مُسْلِمٌ) араб сөздерінің қазақ тілінің ерекшелігіне бейімделіп өзгеріске ұшыраған түрі. Мұсылман сөзі тек қазақтың ғана төл сөзі емес, ол бүкіл түркі тілдеріне ортақ сөз (қырғыз, өзбек, татар, ноғай, түрік, түрікмен, тәжік, ұйғыр).
Пайғамбар — сөзі парсы тілінен “پیامبر“ енген және “пайгам / хабар“ “бар / әкелуші“ қосындысынан құралады (pajɑm̠ˈb̄ar). Яғни ПейгамБер - Хабар әкелуші.
Парыз — сөзі де арабтың “فرض / фарз“ сөзінен енген. Ораза — парсы тілінен “روزه / ураза“ сөзінен енген. Намаз — парсы тілінен “نماز / намаз“ енген сөз. Қажылық — араб тіліндегі “الحج / әл-хаж“ сөзінен енген. Зиярат — араб тіліндегі “زِيارة / зияратун) сөзінен енген және мағынасы бару. Мінәжат - араб тіліндегі “минажат / مناجاة“ сөзінен енген. Жаназа - араб тіліндегі “جنازة / жаназа“ сөзінен енген.
Аруақ - сөзі араб-парсы тілдерінен енген. Мысалы Құранда Жәбірейіл періштені “Ар-Рух / وَالرُّوحُ“ деп атайды (97:4, 70:4, 17:85, 78:38, ). Иврит тілінде “Руах / רוּחַ“ деп келеді.
Шежіре — араб тілінен شَجَرة (Шәджәро) енген және бұтақ, тармақ деген мағына береді. Адам деген тек қазаққа тиесілі сөз емес. Ол ең алғашқы жаратылған пенденің есімі және ол Ислам, Иудаизм, Христиан діндеріне ортақ термин. Мешіт — арабша “Мәсжид / مسجد“ сөзінен енген.
Сәлеметсіз бе / Сәлем — سلام (Салам,Салям);
Кітап (бітік) — كتاب (китәб)
Қалам — قلم (қаләм) (жазатын таяқ)
Дәптер — دفتر (дәфтәр)
Хат — خط (хатт) (сызық, жазу)
Мақала — مقالة (мақалә)
Хабар — خبر (Хабәр)
Есеп — حساب (Хисәб)
Хикая — حكاية (Хикәййә)
Оқиға — الواقعة (Әл-Уәқиә)
Әліппе - اب (Әлиф Бә әріптерінің қосындысы)
Мемлекет — مملكة (мәмләкә)
Үкімет — حكومة (хукумә)
Арыз (өтініш) — عرض (’ард)
Отан (атамекен) — وطن (уатан)
Әкім — حاكم (хәким)
Құқық — حقوق (хуқуқ)
Әділет — عدالة (’әдәлә)
Дін — دين (дин)
Сауап — ثواب (саваб) (сый)
Тәубе — توبة (тәубә)
Жамағат — جماعة (джәмә’ә) (қауым)
Мешіт — مسجد (мәсджид)
Мұнара — منارة (мәнәрә)
Хақ және ақиқат — حق (хаққ) және حقيقة (хақиқа)
Бісміллә — بسم اللّٰه (бисми-Ллаһ)
Астапыралла — أستغفر اللّٰه (астағфиру-Ллаһ)
Бәрекелді — بارك اللّٰه (бәрәкә-Ллаһ)
Әмин — أمين (әмин)
Дұға, дуа — دعاء (ду’ә)
Мұқтаж — محتاج (мухтәдж)
Уақыт — وقت (уақт)
Заман — زمان (заман)
Сағат — ساعة (сә’ә)
Жұма (бесінші күн) — جمعة (джум’ә)
Ғасыр (жүз жылдық) — عصر (’аср)
Мектеп — مكتب (мәктәб) (кеңсе, үстел)
Тағылым, тәлім — تعليم (тә’лим)
Ғылым, ілім — علم (’илм)
Мұғалім — معلم (му’әллим)
Дәріс — درس (дәрс)
Тәжірибе — تجربة (тәджрибә)
Ұстаз — أستاذ (устәз)
16 views
316
83
2 years ago 00:05:00 16
Тәңіршілдің лингвистикалық қатесі | Араб-парсы кірме сөздері