Бекшин Жапониядан оралғандардың 14 күндік карантинге жатқызылғанын айтты

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 24 ақпан түнде Жапониядан оралған қазақстандықтардың карантинге жатқызылғаны жайлы пікір білдірді. Министрліктің дерегінше, SCAT компаниясының Токиодан оралған ұшақта 20 адам, соның ішінде Diamond Princess лайнерінде болған төрт жолаушы, болған. 24 ақпанда Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында Бекшин осы рейспен келген 20 адамның барлығы екі аптаға карантинге жатқызылғанын хабарлады. Журналистер одан “неге жолаушыларды карантинге жатқызылатынын алдын ала ескертпедіңіздер?“ деген сауалына: “ол туралы айта алмаймын, себебі әуе компаниясы ол туралы білген еді. Біздің білуімізше, әуе компаниясы жолаушыларға ескерткен“ деді. Азаттық SCAТ әуе компаниясына хабарласқанда ресми сауал жолдауды сұрады.
Back to Top