Ғұламалар кеңесі құрамында этил спирті бар дәрі-дәрмекті қолдануға болады деген пәтуа шығарды

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Ғұламалар кеңесі құрамында этил спирті бар дәрі-дәрмекті қолдануға болады деген пәтуа шығарды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ақмола облысында өтіп жатқан кеңес барысында бұған дейін бір жақты харам үкімі берілген спиртті қоспалар енді мақсатына қарай халал үкіміне ие болды.
Back to Top