Арғанаты тас мүсіндері. Балбұлақ бұлағы. Stone sculptures Arganaty. Каменные изваяния Арганаты
Арғанаты таулары Ұлытау тауынан солтүстікке қарай 50 шақырым жерде орналасқан аумағы шағын аласа таулы сілем. Арғанаты тауы мен Мық, Домбауыл, Айыршоқы шоқыларының етектерінде Орталық Қазақстандағы түрік кезеңіндегі тасмүсіндер көп көп шоғырланған аумақтардың бірі.
Осы аумақта 50-ден астам тас мүсіндер табылған. Олардың көбі тас шарбақ пен мүсін тастар түрінде кездеседі. Мүсін тастарда ер және әйел адамдардың бейнесі салынып, тас қоршаулардың шығыс жағында қаратылып орнатылған. Тас мүсіндердің көпшілік бөлігі сақталмаған.
Арғанаты тауларындағы тас мүсіндердің жасалау техникасы мен ондағы бейнелеген заттарға қарап, ескерткіштер түрік кезеңінің алғашқы сатысында (б.з.VI ғ.) пайда болған деп жорамал жасауға болады.
Айыршоқыдағы тас қоршауда тұрған граниттен жасалған тас мүсіннің бейнесі болар-болмас етіп қашалған. Басы сынып қалған тас мүсіннің қолында құты сауыт немесе қару-жарағы жоқ әлеуметтік дәрежесі қарапайым адам бейнесі сомдалған. Қатардағы адамдар жақындарына қойған мүсіндерді сәнді етіп жасата алмаған. Олар тек сол ғұрыптық-рәсімдік жоралғыдан ауытқымау мақсатында адамның кескінін беруге тырысқан.
Тас мүсіндер тізбегінің бір тобы Мық тауының етегінде орналасқан. Мұнда 12 топтан тұратын балбалдар тізбегі шығысқа қарай созыла жайғасқан. Түріктердің өлген адамды жерлеу дәстүрі туралы қытайдың Таң шежіресінде былай делінген: «олардың әдеті қабір үстіне үй жасап оның ішіне жерленген кісінің тасқа қашап түсірген түлғасын қоятын болған». Тас қоршауға зерттеу жүргізу барысында табылған шашылған қой сүйектері, ескерткіштің ғұрыптық мәнде жасалған құрылыс, яғни адам жерленген қабір емес, оларды еске алу мақсатында жасалған белгілер екендігін көрсетеді.
---------------------------------------------------------------
Arganaty mountain range is located 50 km north of the Ulytau mountains. On the hills of the mountains of Arganaty, Myk, Dombauyl, and Aiyrshoky there are many medieval Turkic monuments.
More than 50 stone figures were found in the area. Most of which are presented in the form of stone sculptures. They depict images of men and women installed in the eastern part of stone fences. Most of the stone figures have not been preserved.
Referring to the manufacturing technique and the images of the Arganaty stone figures, it can be assumed that the monuments appeared at an early stage of the Turkic Period (6th century BC). On the stone statue located in the stone fence of Aiyrshoky, a man with weakly expressed facial features is depicted. The head is damaged, there is no vessel and weapons on hand, symbolizing the representatives of the upper class. In those days, the relatives of ordinary people could not afford the construction of beautiful statues. They tried to follow ritual traditions, modestly depicting the silhouette of the deceased.
The next group of stone figures is located on the slopes of Mount Myk. 12 groups of stone statues stretched towards the east. In the annals of the Tang dynasty of China, it is said: «their (Turks) burial rite consisted of erecting a house over the grave of the deceased, and establishing a stone statue». During the excavation of stone fences, numerous bones of sheep associated with the ritual and memorial function of the monument were found. In turn, the burial place was a landmark monument.
---------------------------------------------------------------
Горный хребет Арганаты расположен в 50 км к северу от гор Улытау. На холмах гор Арганаты, Мык, Домбауыл и Айыршокы встречается множество средневековых тюркских памятников.
В этом районе было найдено более 50 каменных фигур. Большинство из которых представлены в виде каменных изваяний.В них изображены образы мужчин и женщин, установленных в восточной части каменных оград. Большая часть каменных фигур не сохранилась.
Ссылаясь на технику изготовления и на образы Арганатинских каменных фигурможно предположить, что памятники появились на раннем этапе тюркского периода (VI век до н.э.). На каменном изваяние, расположенном в каменной ограде Айыршокы, изображен человек со слабо выражеными чертами лица. Голова повреждена, на руках нет сосуда и оружия, символизирующих представителей высшего класса. В те времена, родственникам простых людей было не по силу возведение красивых изваяний. Они пытались следовать ритуальным традициям, скромно изображая силуэт погибшего.
Следующая группа каменных фигур расположена на склонах горы Мык. 12 группкаменных изваяний протянулись в сторону востока. В летописи Танской династии китая сказано: «их(тюрков) обряд захоронения состоял из возведения дома над могилой умершего, и установления каменного изваяния». При раскопках каменных оград обнаружены многочисленные кости баранов, связанных с ритуально-поминальной функцией памятника. В свою очередь, место захоронения являлось знаковым памятником.
1 view
272
72
9 months ago 00:01:00 1
Арғанаты тас мүсіндері. Балбұлақ бұлағы. Stone sculptures Arganaty. Каменные изваяния Арганаты