ТЫНЫШТЫҚ КІЛТІ - ЖҮРЕКТІ ТАНУ! Исматулла мақсым. Уфа
“ТЫНЫШТЫҚ КІЛТІ ‒ ЖҮРЕКТІ ТАНУ”
Кеше Уфаның әйгілі «Торатау» Конгресс-Холында түбі бір түркі жұртын елең еткізген елеулі оқиға болды. Мұнда Еділ бұлғарларының кешегі һәм бүгінгі тарихы таразыланған Халықаралық ғылыми конференция өтіп, әлемнің әр қиырынан келген ғалымдар мен діни қайраткерлер Әлемнің тыныштығы, татулығы турасында ойларын ортаға салған еді. Конференция ашылған Пленарлық мәжілісте модератор мінберге Қазақстаннан арнайы шақыртумен келген Исматулла мақсым Әбдіғаппарды шақырады. Исматулла қари әйгілі ғалым Мухаммад Атаулла Файзани еңбектеріндегі жүрек сырлары туралы айта жөнелгені жиынға қатысушылардың құлағын елең еткізген. Құл Қожа Ахмет Яссауи ілімін жаңа ғасырға жалғаушы, Ислам әлеміне мәшһүр Гераттық ғалымның еңбектері пост-кеңестік кеңістікте үлкен мінберден алғаш рет айтылуы елеулі жаңалық ретінде қабылданып, ғұламалар мәжілісінің маңызды оқиғасы болды.
“Түркістан ерлері”, “ахлиль қальб” яки “жүрек егелері” атанған даналардың пайымында жүрек қазыналарын тану ‒ Әлемді дағдарыстан шығарудың кілті, адамзатты баянды бақытқа жетелейтін Алтын көпір. Себебі жүрек сырларына қанықпай адамның аласұрған жан-дүниесі ешқашан тыныштық таппайды. Қазақ ғұламалары Шәкерім, Мәшһүр Жүсіп аталармыз сүйіншілеп кеткен, есігімізді түртіп тұрған адамзаттың Алтын ғасыры Маһдауяттың мәні ‒ осы рухани ілімнің нұры барша адамзаттың жүрегін баурап, санасын жаңа сападағы өркениеттік санаға көтеретін Мағнауият (Руханият) ғасырына өту.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме,‒
деген жолдар жаңаша мән тауып, басқа қырынан жарқырады.
Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы,
Теңіздің түбіндей-ақ, қарап бақшы.
Сол жүректен жылылық достықпенен
Бұлақша ағып, әлемге тарамақшы.
Айтпақшы, конференция жұмысы жалғасқан Ресей ислам университетінің жаңа корпустарының ашылу рәсімінде де Исматулла қари құттықтау сөз арнады. Әлемнің 30 шақты елінен өкілдер қатысқан алқалы жиында Башқұрстан Республикасының басшысы Радий Хабировтың, Стамбул мүфтиі, профессор Сафи Арпагуштың сөздері әсерлі болды, Иорданиядағы Дүниежүзілік Ислам ғылымдары университетінің профессоры Абдуррахман Ассади, Бахрейннің Ислам істері жөніндегі жоғарғы кеңесінің төрағасы, шейх Абдулрахман Мохаммед Рашид әл Халифаның баяндамалары қызу талқылауға ұласты.
Саят Ыбырай.
“Ислам. Махди“ плейлист.
1 view
549
161
6 years ago 00:00:57 429
Арақ - барлық азғындықтың кілті, жамандықтың бастауы.