Атырау облысында жыл басынан бері 432 сәби шетінеп кеткен. Ал соңғы екі айдың ішінде 40-қа жуық шақалақ белгісіз себептермен көз жұмды. Мұндай деректі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары анықтап отыр. Олардың дерегенше, балалардың өліміне атышулы орталықтағы түрлі былықтар себеп болуы мүмкін. Мекеменің іші инфекцияға лық толы болса, дәрі-дәрмектер санитарлық талаптарға сай сақталмапты. Айта кетейік, дәл осы фактілер жұртты дүр сілкіндірген тоңазытқыштағы бала өлімінен ашылып отыр.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
79 views
13
4
4 years ago 00:01:55 39
Тоңазытқышта көз жұмған сәбидің денесі ауыстырылған болуы мүмкін
5 years ago 00:01:34 27
«Нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді» деп айыпталғандарға қатысты сот отырысы басталды