«Кiшкентай»
Ең алғашқы күйлерінің бірі «Кiшкентай» халық көтерілісіне арналған. ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарында Бөкей ордасында Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлының жетекшілігімен үлкен халық көтерілісі болды. Гек басқарған жазалаушы отряд пен Орал казактары әскерінің отряды нашар қаруланған көтерілісшілерді аяусыз қырды, ал олардың жетекшісі Исатай Тайманов қаза тапты. Ел аузындағы аңыз Құрманғазы осы көтеріліске белсенді араласты дейді, бірақ бұл шындыққа келіңкіремейді, өйткені бұл кезде ол тым жас еді. Өзін Исатайдың кіші бауыры санаған Құрманғазы оқиғаны күймен жеткізеді, онда «терең эпикалық ой-толғаныс әуені күрестің драмалық шиеленісімен ұласып кетіп отырады».