Халық күйі “Қасқыр“ - Народная музыка - Волк (Wolf)
Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл аспап халқымыздың тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерімізді күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұрамыз бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А.Затаевич. Осының салдарынан ХХ ғасырдың басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 ғасырдың ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы. Дегенмен жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор тұлғалы музыканттарымыз Жаппас Қаламбаевпен (1909-1970) Дәулет Мықтыбаев (1904-1976) тұрды. Біздер осы екі өнер саңлақтарына шексіз қарыздармыз. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып кеткеніне шүкір дейміз. Қобызда ойнап ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан.
1 view
191
46
2 months ago 00:01:29 1
“Тепенкөк“
6 months ago 00:02:01 1
Түркеш – «Көңілашар» күйі
8 months ago 00:02:49 1
Халық күйі “Ортеке“. Сыр бойының күйлері. Шытылман Қозыбақовтың жеткізуіндегі нұсқасы.
10 months ago 00:02:02 1
Халық күйі “Қасқыр“ - Народная музыка - Волк (Wolf)
10 months ago 01:30:30 1
Сара Назарбаеваның бала сатқаны рас па? Жанар Байсеміз, Шетелдегі қазақ балалары
1 year ago 00:57:37 1
ТОП-25 күй / Ең үздік күйлер / Күйлер топтамасы #1 / Лучшие кюи – QARA PAYIM
1 year ago 00:03:37 1
«Қоңыр қаз». Анимациялық жоба (2018 ж.) Халық күйі «Жез киік»
1 year ago 00:02:36 1
Dombyra soft СЕКІРТПЕ
2 years ago 00:06:30 1
Е Үсеновтің күйі «Кербез сұлу», Н.Тілендиевтің күйі «Әлқисса»
2 years ago 00:09:35 1
Dimash full performances
3 years ago 00:03:01 1
Жәнібек Жантұрсынұлы – «Ақсақ құлан» (Халық күйі)
4 years ago 00:05:30 2
“Ақсақ құлан“ Халық күйі, жеке домбырада Оразаев Талғат
4 years ago 00:24:58 2
Тәттімбет атын. академ. қазақ халық аспаптар оркестрі. Балалар мен жасөспрімдерге арналған концерт
4 years ago 00:00:29 1
Халық күйі “Кербез кыз“.в исполнении участника группы Аркайым/Arkaiym group Арыкбаева Абзала
4 years ago 00:05:02 7
Әзірбайжан халық әні / Azərbaycan xalq mahnısı / Азербайджанская народная песня
4 years ago 00:11:19 1
ҚХА 25-жылдығына арналған «Ұлы дала елінің ұрпақтары» республикалық фестивалі - 5 бөлім
4 years ago 00:10:49 9
Домбырамен ән айту сабақтары / Тау ішінде / Сәкен Сейфуллин
4 years ago 00:13:48 5
Абайдың әндерін домбырамен айтып үйренейік!
4 years ago 00:09:50 3
Көзге жас келтірер екі ән
4 years ago 00:03:35 1
Қазақстан Конституциясына – 25 жыл. Халық күйі “Ой толғау“ - Шертершілер ансамблі
4 years ago 00:02:22 1
Сарып құла(Есім ханның тұлпарына арнау)
4 years ago 00:10:34 2
Зерттеуші ЖАҒДА БАБАЛЫҚҰЛЫның сөйлеген сөзі. 2008 жыл / Домбыра форумы