Алматыда поэзия падишасы, ақын Фариза Оңғарсынованы еске алу кеші өтті. Дара тұлға өмірден озғанымен, артынан өшпес із қалдырды. Оның жыр маржандары әлі күнге дейін халық аузында. Содан болар кешке жиналған қауым өлеңдерін әндетіп, есте қаларлық кеш өткізді.