Алматы полициясының Video-гиді: жол жүру ережесін бұзғандығы туралы хаттар қайдан алынады

Бейнеблогтың кезекті шығарылымы халық арасында «бақыт хаттары» деп аталатындардың қайдан алынатындығы туралы. «Алматыда автоматтандырылған жүйелердің көмегімен анықталған жол жүру ережелерін бұзу деректерін талдау және өңдеу функциясын Полиция Департаментінің Процессинг орталығы орындайды. Операциялық зал - Орталықтың жүрегі. Құқық бұзушылықтар туралы ақпарат, оны анықтағаннан кейін арнайы базаға түседі. Өңдеу орталығының қызметкері салыстыруды жүргізіп, мәліметті әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізіліміне тіркейді. Жол жүру ережелерін бұзу фактісі прокуратураның осы тізіліміне тіркелген бойда, бқұқықұзушыға оның тіркелгендігі туралы қол жетімді байланыс арналары арқылы хабарланады. Бұл ұялы телефонға 1414 нөмірінен SMS хабарлама, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы ескерту немесе “Қазпочтаның“ курьері сіздің үйіңізге жеткізген «бақыт хаты» болуы мүмкін. Айтпақшы, ақпараттандырудың бұл функциялары автоматты түрде жұмыс істейді, адами фактордың қатысы жоқ», - деп блогтың жүргізушісі, журналист Жа
Back to Top