Қысқы Kaspi Жұма-2024: Қазақстан бойынша тегін жеткізу қызметімен онлайн тиімді сатып алу

Еліміздің жетекші арналарында 2024 жылғы 23-25 ақпанда өткен оныншы Kaspi Жұманың қорытындысы туралы сюжет шықты. Үш күн бойы қазақстандықтар артық төлемсіз және отбасылық бюджетке салмақ салмай-ақ, құнын 24 айға дейін бөліп төлеп, тиімді сатып алды. Ал кәсіпкерлер сату көлемі мен компанияның табысын еселей түсті. Kaspi Жұманың арқасында бар-жоғы бірнеше жылдың ішінде Қазақстанда сауда-саттық түбегейлі өзгерді. Көлеңкелі айналымның орнына – ашық табыс. Базарлар мен жаппай сатылымның орнына – үйге немесе жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа тегін жеткізу қызметімен онлайн сатып алу. Биыл Kaspi Жұма алғаш рет қыста өткенін атап өткіміз келеді.
Back to Top