72 сағатта үйлену (трейлер)

Бақыт туған ата-анасынан жастай айрылғандықтан, атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленді. Атаның өсиеттерін мұқият тыңдап өскен бақыт үшін, үлкенге құрмет көрсету қағидасы бірінші орында тұратын еді. өз туған баласы мен келінінен айрылған қарияның ендігі бар үміті немересі Бақытты екенін ол жақсы түсінетін. Күндердің күнінде атасы мен әжесін ел алдында мақтанышқа ие қылу ойымен, ауылға Астанадан келін әкелемін деп күн белгілейді. Ол жаңалық бүкіл ауылға тез тарап, үй іші тойға қатты кірісіп кетеді. Барлығы алғашында жап-жақсы басталғанымен, Бақытты жаңа кедергілер күтіп тұрған еді.
Back to Top