Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды жаңа 2022 жылмен құттықтады “Міне, егемендік жылнамасының тағы бір маңызды белесіне жеттік. Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылға қадам басамыз. Бұл – әрбір адам ерекше көңіл-күймен қарсы алатын айрықша әсерлі сәт. Біз өткен жылды қорытындылап, алдағы кезеңге жоспар жасаймыз“, - деді Тоқаев. Президент 2021 жыл еліміз үшін оңай болмағанын атап өтті. Дегенмен, халқымыз кез-келген сын-қатерге төтеп беріп, барлық кедергіні еңсере білді. “Індет кезіндегі қиындыққа қарамастан, көптеген жетістікке жеттік. Экономикамыз біртіндеп оңалып, жұрт қалыпты өмірге орала бастады. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тиімді шаралар жүзеге асырылды. Жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар қауымының жалақысы көбейді. Миллионнан астам тұрғын зейнетақы жинағын баспана алуға, ипотекасын өтеуге, емделуге жұмсады“, - деді ол. Копирайт: Sputnik / PTRK Біздің сайт: Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз: Instagram: Facebook:
Back to Top