Талаптар сақталмаса, карантин қатаңдатылуы мүмкін

Карантин талаптары жеңілдетілгелі жұрттың жағасы жайлауға кетті. Өзге өңірлерді айтпағанда, коронавирусты жұқтыру жағынан 2-орында тұрған астаналықтар босаңсып барады. Шағын сауда орындары мен қоғамдық көліктерде маска тақпаған ығы-жығы халық. Ол аздай іске қосылған нысандардың кейбірі санитарлық талаптарды сақтамай, ережені өрескел бұзуда. Бірнеше күннің ішінде дәл осындай 25 нысан анықталған. Жағдай осылай жалғаса берсе елордада карантин қайтадан күшейтілуі мүмкін. Ал, бүгін ашылған дәмханалар мен ірі базарлардағы ахуал қандай? 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top