Шымкентте дауыл үйлердің шатырын ұшырып әкетті

Шымкент қаласы кешелі бері алай-дүлей болып жатыр. Қатты тұрған дауылдың кесірінен тұрғын үйлердің шатырлары мен жарнамалық баннерлер желмен ұшып, жермен-жексен болған. Үздіксіз беріліп тұрған электр жарығы уақытша болса да тоқтан ажыратылды. Төтенше жағдай департаментіне бір күннің ішінде 10-нан астам шақыртулар түскен. Соның салдарынан ондағы мамандар күшейтілген режімде жұмыс кестесіне көшуге тура келген. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top