Ұнаттым шын сүйдім жылады жүрегім,
Сонда да мен сені кінəлі демедім.
Қəзіргі мұң басқан жаралы жүректің,
Бұрыннан сүйетін сыңары сен едің.
Түсімде бейнеңді əліде көремін,
Мен сені бағыма лайықты деп едім.
Жаралап жанымнан жырақтасаңдағы,
Ешқашан мен сені айыпты демедім.
Келмейді қайтадан тым тəтті кезеңім,
Өзің деп жазылса мұң татты өлеңім,
Өзіңмен кей шақта тілдесіп қалғанда,
Жанардан құлаған бір жасты сеземін.
Жолдары тоғыспас біз мінген кеменің,
Тағдырда біздерге бермейді көмегін.
Мен сені алтыным əліде сағынам,
Білмеймін неге екен ұқпадым себебін.
Авторы:Төлегенов Берік Айтбайұлы.