Ғайбат туралы

Ғайбат дегеніміз «адамның сыртынан сөз айту» дегенді білдіреді. Құран Кәрімде мұсылмандардың бір-бірінің сырттарынан ғайбат сөз айтып, бір-бірлерін мазақ қылуға қатаң тыйым салынған. Ғайбат, өсек айту өлген бауырының етін жегендей үлкен күнә болып саналады. Алла Тағала былай дейді: «Ей, иман келтіргендер! Бір адамдар басқа бір адамдарды келемеждемесін! Бәлкім, олар өздерінен артық шығар. Әйелдер де басқа әйелдерді келемеждемесін! Бәлкім, олар өздерінен артық шығар. Бір-бірлеріңді ренжітпеңдер һәм бір-бірлеріңе лақап тақпаңдар. Иманнан кейін пасық есім қандай жаман?! Ал кімде-кім тәубе етпесе, олар залымдар. Уа, иман келтіргендер! Түрлі долбарлы ойлардан сақтаныңдар! Шындығында ойлардың кейбірі күнә. Бір-бірлдеріңді аңдыспаңдар, бір-бірлеріңнің сырттарыңнан ғайбат сөз айтпаңдар! Әлде сендердің біреулеріңе өлген бауырының етін жеу ұнай ма? Сендер оны ұнатпайсыңдар. Алладан қорқыңдар! Шындығында Алла тәубені қабыл алушы һәм өте мейірімді» (Хужурат, 11, 12); Раббымыз бізді рас сөз сөйлеп, өсек-ғайбаттан аузына алмайтын шынайы мүміндерден қылсын! Өлі адамның етін жеумен тең болатын үлкен күнәдан – ғайбаттан сақтасын! #өсек #ғайбат #жала Ғайбат | TALIM TV Егер сізге видеомыз ұнаса міндетті түрде лайк басып, төменде пікіріңізді білдіріңіз! Сондай-ақ, “Подписаться“ басып, каналымызға тіркеліп қойыңыз! Инстаграм : Қаз: Рус:
Back to Top