Елорданы газдандыру аяқталса, газ тарифі қымбаттайды деген рас па?

«Нұр-Сұлтан қаласын газбен қамтамасыз ету аяқталған соң тариф қымбаттауы мүмкін» деген елді алаңдатқан мәселеге қатысты Энергетика министрлігінің өкілдері жауап берді. Шенеуніктер «әлі баға бекітілмей жатып бұлай айтуға болмайды» деп отыр. Ал «газдың көмірден қымбаттығына байланысты туындаған артық шығынды тек Нұр-Сұлтан тұрғындары емес, барлық аймақ халқы бөліп төлейді екен» деген даулы сұрақ - түсінбеушілік дейді.
Back to Top