Жұмыста аяғынан айырылған Олегтің протез үшін күресі
Олег Шарапатюк төрт жыл бұрын жұмыс орнында аяғынан айырылған. Ол екі жылдан бері аяғына ыңғайсыз протезді ауыстырғысы келеді. Бұл протезді оған жұмыс орнынан берген. Үшінші топтағы мүгедек құқығы үшін сот табалдырығын тоздырып жүр. Ескі протезі ыңғайсыз болып, басқа дерттер де жабысқан. Жаңа протез миллиондаған теңге тұрады. Мүгедекке берілетін жәрдемақыға қарап отырған Олегтің ақшасы бұған жетпейді. Ал дұрыс протез болмаса ол жұмысқа да шыға алмайды.
4,014 views
1526
486
4 years ago 00:03:47 4.1K
Жұмыста аяғынан айырылған Олегтің протез үшін күресі