Соғыстың ортасында қалған қазақтармен сұхбат | Үшінші Дүниежүзілік соғыс бастала ма?
#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews
🔹Спикер: Асхат Қасенғали - саясаттанушы.
Бүгін Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысқа толық сараптама жасадық. Кім кінәлі? Соғыстың салдары мен себебі қандай? Әлемдік алпауыт мемлекеттердің көздегені не? Енді әлем екіге бөлініп Үшінші дүниежүзілік соғыс басталады деген қауесет рас па? Толық талдауды жүктедік. Бұл сұхбатта бұрын-соңды ешкім айтпаған соғыстың құпия тұстары бар. Және Израильге емделуге, оқуға барып соғыстың ортасында қалып қойған қазақстандықтармен сұхбаттастық. Олар қатты қорқып отыр. Қазіргі жағдайлары қандай? Қандай көмек керек? Бәрі біздің арнада.
00:00 Басы
01:30 Израильге баласын емдетуге апарып соғыстың ортасында қалған Айгүл Бектаевамен сұхбат.
03:50 “Израильдегі брондалған бөлмеде жаттық“.
05:27 Израиль халқы не дейді соғыс туралы?
08:42 Израильге оқуға барып соғыстың ортасында қалған Үміт Желдібаевамен сұхбат.
14:28 Израильдегі азаматтарды соғысқа қашан алып кетті?
16:34 Саясаттанушы Асхат Қасенғалимен сұхбат.
17:08 Адамды соғысқа үйретуге бола ма? Соғыс неден шықты?
20:27 Израиль мен ХАМАС-тың арасындағы соғысқа не себеп болды? Газа секторын бөлісе алмай жатыр ма? Тарихи талдау.
24:58 “Палестина деген мемлекет әлі толық құрылған жоқ“ деген сөзіңізді қалай түсінуге болады?
28:35 Палестина мен Израиль бір-біріне жау ма?
29:32 Палестина неге өзінің төл валютасын шығармайды? Неге Израильдің валютасын қолданады?
31:22 Мұсылман мемлекеттері неге Палестинаның экономикасын көтеруге көмектеспейді?
36:02 Израиль мен ХАМАС-тың соғысы мыңдаған адамды өлтірді. Кімдікі дұрыс? Кімдікі бұрыс?
41:52 ХАМАС шабуылын Израильдің тыңшыларынан қалай жасырып қалды? АҚШ-да ешнәрсе білмедік дейді. Бұл рас па? Әлде тараптардың соғыс үшін жасаған саяси ойыны ма?
45:05 ХАМАС басшыларының бірі: “Израиль бізге шабуыл жасамақ болды. Газа аймағын тазаламақ болды. Біз соның алдын алдық“ дейді. Осыған сенесіз бе?
47:35 Израиль Газа секторына қарсы құрлық әскери операциясын дайындап жатыр. Оның қауқары қандай?
51:00 Израиль 50 жылдан кейін “алеф 40“ пунктін іске қосты. Бұл қандай пункт, қандай күш?
51:59 Израиль 17 жылдан кейін М270 кешенін іске қоспақ. Мұның қауқары қандай?
52:47 Израиль қазір неше мемлекетпен соғысып жатыр? Ливан, Сирия, Иран, Ауғанстан т.б. соғысқа араласты ма?
55:54 Израильдегі соғыстың салдарынан мыңдаған қаза тапты. Олар 20-ға жуық мемлекеттің азаматтары. Сол елдер азаматтарының өтеуін қайсы мемлекеттен сұрайды?
58:28 Американың бір кемесі Израиль жаққа келді. Тағы бір кемесі келуі мүмкін. АҚШ пен Еуропа Израиль жағында. Қытай мен Ресей Палестина жағында. Әлемдік державалар екіге бөлінді ме?
59:54 Бұл шайқас Үшінші дүниежүзілік соғыстың бастауы болуы мүмкін бе?
01:02:31 БҰҰ әлемдегі қауіпсіздікті қамтамассыз ете ала ма? Ондай саяси институт бар ма?
01:05:25 АҚШ Израильдегі соғысқа көп көңіл бөліп Украинаға берілетін көмекті азайтуы мүмкін бе?
01:09:31 Солтүстік Корея Ресейге қару беріп жатқаны рас па?
01:11:07 Қоштасу.
Инстаграм:
Фейсбук: :
1 view
32
8
1 year ago 01:11:19 1
Соғыстың ортасында қалған қазақтармен сұхбат | Үшінші Дүниежүзілік соғыс бастала ма?