ҚАЗҰУ. АПТАЛЫҚ ШОЛУ | KAZNU. WEEKLY DIGEST:

15-21 НАУРЫЗ 2021 ЖЫЛ АПТАНЫҢ АЙШЫҚТЫ ОҚИҒАЛАРЫ ҚАЗҰУ QS STARS «5 ЖҰЛДЫЗ» БАСЫМДЫҚ БЕЛГІСІНЕ ИЕ БОЛДЫ Ұлыбритания, Лондон Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. ҚАЗҰУ МЫСЫР УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫС ЖАСАЙДЫ Мысыр, Каир ҚазҰУ ректоры Ж.Қ. Түймебаев «Екінші Ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидың Ислам өркениетіне қосқан үлесі» атты Қазақ-Мысыр ғылыми-тәжірибелік конференциясына онлайн қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ислам ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен шараға мысырлық және қазақстандық фарабитанушылар, философтар мен ғалымдар қатысты. ҚАЗҰУ СТУДЕНТІ ШЕШЕНДІК ӨНЕР САЙЫСЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ Алматы Алматыда жыл сайын өткізілетін респ
Back to Top