ШЕШЕМШІҢ ІРІМШІГІ
Ауылдан қалаға көшіп келгелі жиырма бес жыл болыпты.Бүгін шешем осыншама жылдан кейін,аулаға қазан ошақ орнатып,қайтадан ірімшік қайнатудың сыр-құпиясын келініне үйретті.Оның ірімшік жасау әдісі мүлдем ерекше сияқты.Оған енесі көрсетіпті.Он шақты күн бұрын жаңа сойылған қойдың ұлтабар ішегінен сүт ұйытатын “мәйек“ әзірледі.
-Сүтті айранмен ұйытып қайнатса ірімшіктің табиғи дәмі болмайды. Базардағының көбісі майы айырылған сүттен жасалған және бастапқыда резеңке сияқты болып тұрады. Дәмсіз.Кейін тас-емен болып қатып қалады-дейді.
Бала күнімізде үйде сауынды алты сиыр,екі түйе,он шақты ешкі болды.Анамыз сүттен ірімшік-құрт қайнатып, қаймақтан май шайқайтын еді.Шелекте салқын шұбат көпіріп тұрады.Су орнына сіміреміз.Әлі есімде ауданнан,облыстан арнайы сұраныспен шешемнің қолынан шыққан сүт тағамдарын алдыратын еді.Бір жылдары құрт-ірімшік Алматы қаласына да жол тартты.
Қазір қазанға қайнатылған сол майлы ірімшікті көріп бала күнім есіме түсіп отыр. Шынымды айтсам осыншама жылдан кейін мұрныма
45 views
227
38
6 months ago 00:01:56 1
АЙРАННАН ПИЦЦА 🔥 Ашытқысыз пицца / Тез дайын болатын пицца
9 months ago 00:11:43 1
ПИЦЦЕРИЯДА ПИЦЦАНЫ ОСЫЛАЙ ДАЙЫНДАЙДЫ! Тегін МК. Болоньезе пиццасы. Пицца как в пиццерии.Пицца мясная
11 months ago 00:09:34 1
ПИЦЦЕРИЯДА ПИЦЦАНЫ ОСЫЛАЙ ДАЙЫНДАЙДЫ. ТЕГІН мастер класс. ПИЦЦА как в пицерии. Пепперони. Маргарита