Жаңа Жыл бағдарламасы анонс

🎉🎉Жаңа жыл – жүрегімізге аппақ армандар ұялататын ғажайып мереке. Жайқалған әдемі шырша. Жақындарымыз үшін шынайы тілектер. Жарқын күлкі мен бақытты сәттер! 🎉🎉 Жаңа жылды естен кетпес сиқырлы дәммен қарсы ал! Алан Черкасов («Үздік мейрамxана“ жобасының жүргізушісі) және Сергей Мазур (“Вкусно за 500“ телешоуының жүргізушісі) дәмі тіл үйірер тауық кәуаптарын дайындайды. Игорь Сахар ( “Гастроэнтузиастар“ бағдарламасының жүргізушісі) және Қаршыға Омарова (“Сиқырлы ас үй“ телеарнасының жүргізушісі) өте жылдам дайындалатын мерекелік сүзбе бәлішін әзірлейді. Болат Срымов (“Гастроэнтузиастар“ жобасының жүргізушісі) және Талгат Акбергенов​ (бас аспаз және “Сиқырлы ас үй“ телеарнасының жүргізушісі) ерекше оливье салатын дайындап, жаңа жылдың лебін сездіреді. Барлығы “Сиқырлы ас үй“ телеарнасының көрермендерін құттықтау үшін мерекелік дастарқанға жиналады.
Back to Top