Қызылордалықтар облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықоваға шағымданады
Қызылорда қаласының тұтастай бір көшесінің тұрғындары облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықованы үй жақтарында пайда болған көлшікті өз көзімен көруге шақырды. Жастар көшесінің тұрғындары бұл жерге “зообақ“ деп ат қойған. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерді әсем дауысты құстар мен түрлі жануарлардың орнына бақа-шаян, маса, жылан секілді жәндіктер паналайды. Қолаңса иістен шаршап, тыныстары тарылған қызылордалықтар жан-жаққа арыз жазғанымызбен еш нәтиже жоқ дейді. Әкімдік өкілі мәселені екі ай ішінде шешіп береміз деп уәде берді.
4,017 views
90
20
5 years ago 00:01:48 4.1K
Қызылордалықтар облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықоваға шағымданады