Ертіс-Баян өңірінің бір туар азаматы Қазыбектей асыл ағамыздың үйіне қонаққа бардық. Үйге кіргенімде берекенің лебі жүрегімді баурап ала жөнелді. Осыншама үлкен үйді, жақсылық пен тыныштыққа бөлеп тұрған қандай сыр десем, анау тұрған қоңыр диванның үстінде, кішкентай шөбересін тізесіне қысып, ойнатып отырған қазыналы қарт Төлеутай әжеміз екен ғой. Тарихтан сыр шертіп, әкесінің берген тәрбиесін әңгімелеп, тектіліктен сыр шерткен әжемізді көргенде, Қазақтың әр үйінің төрінде осындай қазыналарымыз отырса ғой деп армандадым. Кетерде алтын құрсақты, асыл әжеміздің батасын алдым. Аллаға шүкір.
Үлкендеріміз аман болсын.
Тыныш заман болсын.
22,323 views
744
196
1 year ago 00:08:45 1
Abaı Qunanbaıuly - Ushinshi qara soz
2 years ago 00:00:26 3
Заман тыныш болсын
4 years ago 00:04:34 1
Зымыран ұшырып, танкіні тізгіндеген ару
7 years ago 00:00:54 22.4K
Тыныш заман болсын.
7 years ago 00:00:59 13.2K
“Елді бұзуға шамасы жеткен сөздің, елді түзеуге де шамасы жетеді. Түзеуге жұмысасақ түзеледі“ - Əлихан Бөкейхан .
.
Жұма мүбəрəк