«Мұсылман әйелдер қауымдастығы»қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қаламыздағы оқу орындарының бірінде «Жастар арасында діни

Шара қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жиынға дәстүрлі дін өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ғалымдар шақырылған. Жылда өткізілетін кездесуге 1-2-курс студенттері қатысты. Бұл жастардың теріс діни ағымдар жетегінде кетпесі үшін жасалып отырған алдын- алу шараларының бірі. Айта кету керек, шақырылған қонақтар қаламыздағы дін істері жөніндегі ақпараттық-насихат тобының құрамына енеді. Экстремистік бағыттағы діндердің қоғамға қаншалықты қауіпті екенін көрсететін бейнеролик кездесуге қатысушылар назарына ұсынылды. Сондай-ақ, студенттер аталмыш мәселеге қатысты сұрақтарына жауап алды. Кездесу соңында топ кураторларына дін мәселесіне арнайы шығарылған әдістемелік құралдар таратылды. Рысгүл МАДВАСОВА
Back to Top