Олар екі дос әрі сыныптас. Өмірдің қалтарыс-бұлтарысы мен тағдырдың сан тарау жолдарына түсіп, бағғытары бұлталақтап, бірде қиысып, бірде ажыраған ғұмыр кешіп жатады. Әдемі шаһар – Астананың бір-біріне кереғар қос түкпірінде екеуі екі әлемді жасап жүреді...
Мектеп бітіргендерінің бес жылдығын атап өтуге келген түн, олардың өмірін одан ары шиеленістіріп жібереді. Махаббат сезімі бірдей шарпыған екі достың достыққа деген адалдағы сынға түседі.
Оқиға бай баласы мен жарлы баласының айналасында өрбидi. Бай баласы ар-ұяттан жұрдай болса, кедей баласы иманды, ақылды. Ол ішімдікке салынған анасын тура жолға салып, қызметке де қолы жетедi, отбасының да берекесiн кiргiзедi. Бай баласы мен кедей баласын бiр арнаға тоғыстыратын – махаббат. Қос жүректi бiрдей өзiне ынтызар еткен қызды жас әншi Аша Матай ойнайды. Бай баласын Мәлiк Әбдiраманов, әкесiнiң рөлiнде белгiлi актер Бақытжан Әлпейiсов, кедейдiң баласын Ақан Жалымбетов деген актер сомдайды.
2,577 views
726
188
3 months ago 00:07:00 1
Парк Влюбленных. Ғашықтар саябағы. Астана Нур-Султан.
7 months ago 01:24:30 1
АСТАНА | Столица Казахстана | Современный город с градостроительными ошибками | Небоскребы и пустыри