Соңғы 3 жылда елімізде 53 азаптау фактісі тіркелген. Оның 13-і түзеу мекемелерінде болыпты. Ал, сотталғандарға көмектескені, өз қызметін дұрыс атқармағаны үшін жыл басынан бері қылмыстық атқару жүйесінің 1,5 мың қызметкері жазаға тартылыпты. Ал, жуырда болған Заречный кентіндегі жағдайдан соң жауаптылар абақтыларда толық реформа жүргізбек. Оның бірі барлық қызметкерлерге бейнебақылау жетоны беріледі. Оны мүлде сөндіруге болмайды. Бұл жазасын өтеушілердің азапталуын тоқтата ма?
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан