Банктерге бір тиын берілмейді, ең төменгі жалақы 60 мың: Президент жолдауының басты тетіктері!
Осындай бес бастама ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын тиімсіз жұмсаған шенеуніктерден бастап, Ұлттық қорды “кеміріп“ жатқан жауаптыларды сынға алды. Және халыққа жоғары пайызбен несие беріп, банкрот болған жағдайда Ұлттық қордан миллиардтар алуға үйреніп қалған банкирлерге енді мемлекет көмектеспейтінін айтты. Бүгінгі жолдауында Президент халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін саяси элитаға біраз тапсырма берді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласынан тікелей байланысқа шығып тұрған әріптесім Айбар Төлжанұлы айтып беруге дайын.
Мәжілістің үлкен залына бүгін биліктің тұтқасын ұстаған азаматтар жиналды.
Ал, айтылған уақытта эфирге шыққан Президент халыққа жолдауын “пандемиядан кейін экономиканың даму қарқыны жаман емес“ деп бастады. Мемлекеттік шығындарды жабу үшін шенеуніктер қаржыны Ел бюджетінен немесе Ұлттық қордан алып келеді. Президент енді мұндай “жеңіл жол“ болмайды деді. Ол аздай, өсіп кеткен инфляцияның деңгейін Ұлттық банк әзірге тоқтата алмай отыр. Мұны әлемдік тенденциямен байланыстыру сылтау деді
2 views
3618
1168
3 years ago 00:04:16 2
Банктерге бір тиын берілмейді, ең төменгі жалақы 60 мың: Президент жолдауының басты тетіктері!