Апат айтып келмейді дейміз. Бірақ, өткен 8 айдың өзінде еліміз бойынша пойыз бен автокөліктерге қатысты 6 апат тіркелген. Бұл нені білдіреді? Бір адам көз жұмды. Тағы 15-і түрлі жарақат алыпты. Алматы маңындағыдай апат елордада да болды. Пойыз бен жолаушылар автобусы қақтығысты. Жоғары жақ пен жауапты органдардың айтар уәжі белгілі. Кезекті рет атқамінерлер шойынжол маңында сақ болуға шақырып жатса, полицейлер жол ережесін бұзғандарға қарастырылған жазаны күшейтеміз дейді.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан