Уханьдағы қазақстандық студенттер елге жеткізілді

Осы аптаның ең маңызды жаңалығы! Бүгін елге коронавирустың ошағы Уханьда қалып қойған студенттеріміз жеткізілді. Бәрі емес! 100-ге жуық азаматтың 80-і. Қалғандары өз еркімен Қытайда қалыпты. Мамандар эвакуацияланғандарды Елордадан 7 шақырым жерде орналасқан емханаға орналастырған. Олар сонда 14 күн бойы карантинге жабылып, дәрігерлердің қарауында болады. Әуелі тексеруден, сосын коронавирустық тестілеуден өтеді. Айтпақшы, студенттердің туған -туыстары мен ата-аналарына балаларының елге жеткізілгендігі жөнінде айтылды әрине! Бірақ, олармен байланысқа әзір шыға алмайды. Бұл рұқсат тек арнайы медициналық персоналдарға берілген. Сондай-ақ, Президенттің пәрменімен аспан асты еліне 13,6 тонна медициналық бұйымдар түрінде гуманитарлық көмек жеткізілді. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top