Раимханова Айгерім

Көктем Аруы 2014, Вице-Мисс «Восток» 2016 - Раимханова Айгерім, 18 жаста. Өскемен қаласынан келген бұл сұлуымыз, бірден университетімізге өз есімін өнерімен паш еткізді. «AUPET Talent Show» конкурсында «Харли Квин» образын би арқылы сомдап, жүлделі орын алып, көрермендерді риза қылды. Жақында өткен «АЭжБУ Сұлтаны» жарысында да жігіттерге барынша көмектесіп, олармен бірге сахнаға шықты. Аңсаған арманы – кәсіби хореограф атанып, бүлдіршіндерге арналған би мектебін ашу. Ғаламтордан, теледидардан көптеген би жобаларын көргенді ұнатады. Бос уақытын әсем табиғатты фотоға түсіріп өткізеді. “Реал Мадрид“ футбол клубының фанаты. Әр адаммен тез тіл табысып кететін ұжымдық мінезі бар, көңілі жарқын жан. «АЭжБУ Аруы” байқауында мені барынша қолдап,маған сенім артып жүрген барлық жақындарымның үмітін ақтауға тырысамын»,-дейді Айгерім. Айгерімнің потенциалы биік, өнерлі тұлға екеніне ешқайсымыздың да күмәніміз жоқ.
Back to Top