“Адам ұрпағының екі бақыты бар. Оның біреуі - осы дүниеде, екіншісі ахиретте. Адамның дүниедегі бақыты - үй-іші, бала-шағасымен, ағайын-туысы, ел-халқымен тату-тәтті, тыныш өмір сүруі. Ахиреттегі бақыты - осы дүниеде Ұлық Алланың ризалығын тауып, ахиретте Ұлық Алланың дидарына ұшырап, рахметіне мәңгі бөлену. Бұл екі бақыттың қауызы, яғни қабы бар. Өздеріңіз білесіздер, қауызсыз, қапсыз нәрсе бұзылып, азып-тозып жойылып кетеді. Одан Алла сақтасын! Сол екі бақыттың қауызы, яғни қабы - Қасиетті Ұлы топырақтың тыныштығы, бүкіл халқымыздың амандығы. Егер бұл қауыз қолдан кетсе, Құдай сақтасын, халықтың берекесі кетіп, қиындыққа ұшырайды. Екі бақыттан да айрылады. Сондықтан, осы қауызды сақтауға Алланың жәрдемімен шама-шарқының жеткенінше, күні-түні әрекет етіп, қызмет қылу - ер болсын, әйел болсын, әрбір азаматтың міндеті.“ Исматулла Мақсұм. Не деген керемет сөздер. Ислам философиясы, ұлттық дұниетаным, ұлттық идеология, отансүйгіштік, дін, діл, қысқасы не керек қазаққа, мұсылманға, адамзаттың бәріне тән бүкіл құндылықтарды осы бір ауыз сөздің бойынан табуға болады. Сақал мен дамбалдың шеңберінен ары аса алмай сорлап қалған догматиктер, дүмшелер мен көзін шел басқан үкімет бұл сөздердің қай жерінен дінбұзарлық, ел бүлдіру, экстремизм, тероризм сияқты келеңсіз құбылысчтарды тауып алғандарын еш түсіне алмай қойдым. Алшын.