Ел үкіметі миллиардтарға ресейлік вагондар сатып алуды қолға алып жатқанда, Елордада 147 миллион тұратын электробустар қатынайтыны белгілі болды. Тоқпен жүретін қоғамдық көліктер елімізде жиналған екен. Жиналған деген аты болмаса, автобустың шегесіне дейін Қытайдан әкелінген. Жауаптылар осы арқылы қоғамдық көлік тапшылығын жоймақ ниетте. Ал, қыруар қаржы құртуға бұл көліктер тұра ма? Өзін-өзі ақтай ала ма? Жолаушылардың пікірін әріптесім біліп көрді.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан