СҮНДЕТКЕ ОТҚАН ДУРЫСПА ? ҰЛКЕН АДАМДАР НЕ УШІН СҮНДЕТКЕ ОТЫРАДЫ?
Сүндеттің пайдасы / Сүндет қазақ халқына ежелден таныс
#сүндетіңпайдасы #докторавиценна #doctoravicenna #денсаулық #сундет #сүндеткеотырғызу #сүндет #сүндетнеүшін
Сүндеттеу медицина ғылымында «циркумцизия» (лат. Circumcisiо – дөңгелек кесу) деп аталады. Оның тарихына қарасақ б.э.д. 2500 жылдары ежелгі Мысыр елінде кең қолданылғандығын көреміз. Сүндеттелген перғауын бейнесі мен ересектеу екі баланы сүндетке отырғызу рәсімі көрсетілген папирус суреттерінің Каир мұражайында сақталғандығы осының айғағы. Ислам дінінде сүндеттелу өте үлкен мәнге ие. Өйткені ол үмбеті ретінде Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) ісін қайталауға, яғни сүннет амалын жасауға жатады. Оған дәлел Әбу Хурайра жеткізген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисі. Хадисте адам жаратылысының табиғи қажеттілігі ретінде мына бес нәрсе: сүндетке отыру, мұртты басу, қолтық пен ұятты жерді түктен таза ұстау, тырнақ қысқарту аталған. Сүндетке отырғызу ислам дінінен кіріп, кейін келе қазақтардың ұлттық әдет-ғұрпына айналды. Сондай-ақ сүндетке отырғызу тек мұсылмандық жол емес, оның ер адамның денсаулығына, ертеңгі күні ұрпағының өсіп өнуіне де маңызы зор екені медицинада да дәлелденген. Сүндетке отыру адамның тән тазалығы мен жан тазалығы, тіпті болашақ отағасы үшін де, отанасы үшін де пайдалы өмір салты, қазіргі тілмен айшықтап айтқанда салауатты өмір салтының бір қыры екендігі айдан анық. Сүндеттелмегендерге қарағанда сүндеттелген ерлер қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады. Жыныстық жұқпалы ауру туғызу қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары. Ал 10-30 пайызы ғана сүндеттелген Кния, Замбия сияқты елдерде жыныстық ауруға шалдыққандар жергілікті тұрғындардың төрттен бірін құраған. Ал, Бенин және Камерун секілді шамамен әр бала сүндеттелетін Африка елдерінде жұқпалы ауруларға шалдыққандар тұтас алғанда алты пайыздан аспаған. Австриялық зерттеуші ғалымдар тіптен үлкен жаңалық ашты. Олар СПИД-ке шалдыққан ер кісілердің басым көпшілігінің сүндеттелмегендер екендігін дәлелдеді.
Теги: сүндетің пайдасы, доктор авиценна, doctor avicenna, денсаулық, сундет, сүндетке отырғызу, сүндет, сүндет не үшін,