Репертуар Школы танца «ЖОРГА» - танец «Кусбеги» (хореография:Серик Сариев)

Дәулеткерей Шығайұлының «Көроғлы» күйіне қойылған «Құсбегі» биі. Арнайы тапсырыспен жаздырылған «Көроғлы» күйін, жаста болса үнемі ізденісте жүретін, дәстүрлі өнердің жанашыры Әли Сундеттің жетекшілігімен «Науайы» фольклорлық ансамблі ойнады. Көшпелі өмір салтын бастан кешірген қазақ халқы табиғатпен мейілінше етене болған. Табиғат аясындағы таным-тәжірибесі тек қана күнкөріс тіршілігіне негіз болып қоймай, сонымен бірге уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде де кеңінен пайдаланылған. Солардың бір көрінісі аңшылық-саятшылыққа байланысты. Тарихи деректерге қарағанда, құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған. Маңғыстау өңірі де құсбегіліктен жат емес, өйткені бекзат өнерді дәріптеп жүрген Өтеғалиев Мереке, Советов Өтежан, Есжанов Ертіс,Оспанғалиев Арон, Оразмұхамбетов Қуаныш есімді жастар бүгінде аймақтың мақтаныштары. Әсіресе Маңғыстаулық Тайманов Айшуақ Асылжанұлы Халықаралық құсбегілік доданың жүлдегері екенін ерекше атағым келеді. Менің шығармашылығыма шабыт бергенде осы Айшуақтың атадан – балаға, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан құсбегілікке деген патриоттық сезімі, сенімі мен үміті. Би желісі бойынша басты кейіпкер Ата жолымен дарыған құсбелігілік өнерінің шебері, өзінің Кезқұйрығымен (қаршыға тұқымдасы) жастар арасында өнерін көрсетуден еш жалықпаған. Өйткені замандастарының арасындағы оның есімі - Құсбегі.
Back to Top