Ұ Операциясы

Фильмді кәсіби деңгейде түсірілген комедия жанры деуден гөрі, әуесқой бір режиисердің Homevideo жанры деу дұрысырақ болар. Фильм бастан аяқ бір скрипкашы қыздың хикаясын баяндайды. Яғни, үлкен экранға, көрермендерге емес, сол қыздың туыстарының арасында, отбасы болып жиналып отырғанда көретін фильм. Өмірде жолы болмаған үш “Идиот“ ақшасы көп бір танымал жұлдызды алып қашып, өтеуіне ақша сұрамақ болады. танымал жұлдыздың орнына, талантты скрипкашыны ұрлап кетеді. Соңында ол қыз скрипкада бір туындыны орындап, ұрылардың басшысының жүрегін ерітеді. Соңында ақшаны да басқасын да алмай, қызды шешесіне жібереді. Расымен де, бір скрипкашы қыздың отбасылық видеосына айналған. Қызық болған жерлері, бір біріне айтқан әзілдері ғана.
Back to Top