2019 ЖЫЛЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 1162 ТҰРҒЫНЫ ҚОНЫС ТОЙЫН АТАП ӨТТІ!

Бірі қаладағы жаңа пәтерлерге қол жеткізсе, енді басқалары бұрын салынған көпқабатты үйлерден баспаналы болып жатты. «Қазақстан тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚ филиалы директорының айтуынша, жыл сайын ипотекаға қызығушылық артып келеді. Мәселен, бүгінде банкте 45 мыңнан астам облыс тұрғыны есепшот ашты. Қаржы институтының басшысы Алмас Жапабаевтың сөзінше, «Нұрлы жер» жобасы аясында биылдың өзінде 245 азамат пәтер иесі атанғанын алға тартады. Қаңтардың 1-не дейін тағы 229 солтүстікқазақстандыққа несиеге баспана беріледі деп жоспарланған. Айта кету керек, 2018 жылы «Нұрлы жер» аясында 322 тұрғын құтты қоныс тойын атап өтті. Алдағы жылы бұл мемлекеттік бағдарламамен 4 тұрғын-үй қолданысқа беріліп, 462 азамат баспаналы болмақ. Сондай-ақ, биыл «Бақытты отбасы» жобасы іске қосылды. Ол мүмкіндігі шектеулі жандар мен көпбалалы отбасыларға қарастырылған. Тың бағдарлама көмегімен 150 жан көптен күткен пәтерге қол жеткізді.
Back to Top