Бұл аймақта аталмыш құстар Еміл өзенінің Алакөлге құяр сағасында мекендейді. Олардың тіршілік ету ортасында - су деңгейі, азық қоры, сонымен қатар судың тазалығы маңызды, яғни химикаттармен және металл қалдықтарымен ластанбаған болуы керек. Бірқазандардың қоныстанған жеріне қарап, онда балық қорының мол екендігіне көз жеткізуге болады.