АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ РЕЛАКС КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Алматы облыстық Ішкі істер департаментінде қызметкерлердің психологиялық, эмоциялық жағдайларын реттеуге арналған бөлме ашылды. Енді кез-келген тәртіп сақшысы қалаған уақытында бұл жерге келіп тыныға алады. Мұнда жүйкені тыныштандыру үшін мейлінше қолайлы жағдай жасалған. Арнайы психолог мамандар қызмет көрсетеді. Бөлмеге кірген қызметкер бұлбұл құстардың үнін, аққан бұлақ сылдырын естіп, табиғатта жалғыз жүргендей әсер алады. Жалпы, мұндай бөлмелер батыс елдерінде бұрыннан тәжірибеге енгізілген.
Back to Top