Шамалғандағы жойқын апат: Оқиға куәгерлері не дейді?

#КТКжаңалықтары Өткелде үзілген өмір! Алматы облысының Шамалған теміржол өткеліндегі жантүршігерлік апатта қаза тапқан жүргізуші бүгін жер қойнына тапсырылды. Ал зардап шеккен үш адам аурахананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Олар бір отбасының мүшелері. Дәрігерлер әсіресе, 2 кішкентай қыздың хәлі тым мүшкіл деп отыр. Бұл оқиғадан әбден қорқып қалған Шамалған бекетінің тұрғындары түнде өткелге шығып, шенеуніктерден көпір салып беруді талап етті. КТК тілшісі оқиға орнында болып, мән-жайды өз көзімен көріп қайтты. #Шамалған #бекет #апат #теміржол #автобус #пойыз #жолаушылар #қазатапты
Back to Top