Билл Гейтс адамдарға чип орнатқысы келе ме?

Билл Гейтс адамдарға чип орнатқысы келе ме? Кейінгі уақытта интернетте вирус жайлы “қастандық теориясы әзірленіп жатыр“ дейтін пікір көбейді. Солардың бірі - миллиардер Билл Гейтстің Bill & Melinda Gates Foundation қорына байланысты. Қор вирусқа қарсы вакцина әзірлеуді қаржыландырады. “Гейтс қоры адам санын азайтуды көздейді, денеге чип орнатып аңдуға жол ашады” деп күдіктенетіндер бар. Бұл теория қалай пайда болды және ол рас па?
Back to Top