Махаббат жасқа қарай ма? Төреғали&Мадина

Төреғали: Өмірде өтпелі, Аймысың көктегі. Жерде болсаң саған қалай, Қолым жетпеді?! Мадина: Кінәлап тек мені, Болмашы өкпелі. Сенің маған қолың емес, Жасың жетпеді! Қайырмасы: Төреғали: Алтыным, алайда Куәміз талайға. Маxаббат сезім жасқа қарай ма?! Мадина: Сен үшін солай ма? Мен үшін оңай ма? Ойнама маxаббатпен, Абайла! Т: Сезімім гүл шығар, Айтпасам тұншығар. Ең болмаса армандауға, Болатын шығар! М: Сезім де ұлы күш, Табиғи құбылыс, Бірақ, арман — өзіңе шақ, болғаны дұрыс!
Back to Top