Теміржол

Теміржол. Жанры: телевизиялық көркем мелодрама, детектив, комедия Аудиториясы: 12 Ұзақтығы: 42 мин Бөлім саны: 8 Қысқаша сипаттамасы: Телехикаяда жолаушылар вагонында қызмет ететін қарапайым жолсеріктердің жол үстінде өтетін кездейсоқ оқиғаларға толы күнделікті өмірі сөз болады. Телехикаяның басты мақсаты: - жолда болып жатқан оқиғалар желісі арқылы отбасылық құндылықтарды көрсету. Жастарды ата-ананы сыйлауға, туыстық қатынастарды бағалауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіре білуге үйрету; - пойыз жолаушыларының жайлылығын қамтамасыз етіп, тәулік бойы еңбек ететін жолсерік мамандығының қиындығы мен маңыздылығын көрсету; - мансап сатысымен жоғарылау, таңдаған кәсібінде шынайы табысқа тек өз Отанын, өз кәсібін шын жақсы көретін нағыз патриоттар ғана қол жеткізе алатындығын көрсету. Ілгері басқан әрбір қадам жемісін бермей қоймайтынын, еңбектің түбі береке екенін көрерменге жеткізу.
Back to Top