Павлодарлық оқушылар Ертістің бойын кемемен саяхаттау мүмкіндігіне ие болды
Ерекше экспедиция «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Енді жасөспірімдер өлкенің табиғаты, жануарлар дүниесі мен тарихын зерттеп, білімдерін арттыра алады. Жобаны жүзеге асыруға жергілікті «География үйінің» жанындағы «Форватор» өзен академиясы мұрындық болған. Оқушылар таңның атысынан кешке дейін өлкетанушы, тарихшы және географ мамандарымен бірге жұмыс істейді. Жеткіншектер маңызды ақпараттарға қанық болумен қатар, кемелерді тізгіндей де алады. Айта кетейік, бұл жоба еліміздің Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ Халықаралық қайта құру және даму банкі тарапынан қолдау тапқан. Игі іс келер жылы да жалғасын таппақ.
9 views
1818
535
7 years ago 00:01:15 9
Павлодарлық оқушылар Ертістің бойын кемемен саяхаттау мүмкіндігіне ие болды