азастанны Ата-аналар одаы елімізде азаматты оамны оянуы мен дамуы шін жмыс істейді.

Қазақстанның Ата-аналар одағы елімізде азаматтық қоғамның оянуы мен дамуы үшін жұмыс істейді. Біз халықты ұсынылған заң жобалары мен бастамалары туралы хабардар етеміз, олардың мәні мен қоғамға, атап айтқанда балалар мен отбасыларға тиетін әсерін түсіндіреміз. Біздің басты мақсатымыз - ата-аналардың, балалардың және дәстүрлі отбасылардың құқықтарын қорғау,сондықтан біз ұсынылған заң жобаларды талдаймыз, оларды жақсартуды талап етеміз немесе олар ата-аналар мен балалардың мүдделеріне қауіп төндірсе қабылдауға қарсы боламыз. Біз сондай-ақ қоғамдық сана мен жауапкершіліктегі ата-аналардың рөлін, балаларды тәрбиелеу мен қорғаудағы хабардарлықты арттыруға бағытталған қоғамдық акциялар мен іс-шараларды өткіземіз. Біздің ұйым мемлекеттік гранттардан қаражат алмайды. Біз тек еріктілердің жарналары мен демеушілердің қолдауы арқылы жұмыс жасаймыз. Осы қаржылық тәуелсіздік арқылы ғана біз өз жұмысымызда тәуелсіздік көзқарас пен бейтараптығымызға кепілдік бере аламыз. Біздің жұмысымыз көптеген ата-аналарға азаматтық қоғамның маңыздылығын түсінуге көмектескенін, және өз отбасының, жалпы қоғамның игілігі үшін шешім қабылдаудың белсенді қатысушыларына айналғанына мақтаныштымыз. Біз сондай-ақ заңнама шығару процесінде ашықтық пен айқындықтың қол жетімді және азаматтардың өмірі мен әл-ауқатына қатысты, олардың шешім қабылдауына тиімдірек ықпал етуін қалаймыз. Біздің Одаққа көмек ретінде қол ұшын созғандар мына сілтемеге кіруге болады
Back to Top