...Қалада тұратын Өркен атты 8 жастағы балақай көлiк апатына ұшырап, ата-анасынан айрылған. Өзi аяғынан жүре алмай қалды. Қорғансыз жетiмектiң күнi нағашы апасы Мақпалға түстi. Кiтапханада iстейтiн әрi пәтер жалдап тұратын Мақпал өз бетiмен қаржы жинап, жиенiн емдетудi, аяғынан тiк тұрғызуды мақсат тұтты. Оған кездескен, ақшаға құныққан профессор Жанбаев сынды сiлiмтiктер балаға ота жасау үшiн көп ақша талап етiп, емдеудi кейiнге ысыра бердi. Оның үстiне дiни сауаты күмәндi, адами ар-ұяттан ада көршi әйелдiң үнемi орынсыз тиiсуi де, жетiмдi аяп, мүсiркеудiң орнына адуындық танытуы жаны күйзелген Мақпалды тiптi өзiне-өзi қол салуға итермелейдi. Бiрақ жаны таза қос мұңлық бұл сынды да еңсерiп шықты.
Өркен – өнерлi бала. Әсiресе қағаздан ұшақ жасағанды, оны балконнан әуеге ұшырғанды жақсы көредi. Күндегi әдетi сол. Бiрде нағашы әпкесiне бiр Жаратушымыз туралы тосын сұрақ қойып, оның “Аллаһтың қолынан бәрi келедi“ деген сөзiне құлай иланып, өзiнiң арман-тiлегiн ұшақтың қанатына жазып, көкке әуелетуден жалықпайды.
276 views
1944
732
7 years ago 00:00:41 102
“Қағаздан “Ұшақ ЖасауСделать“ бумагу из бумаги“Make a paper from the paper“