Сенбі күнгі митингіден соң белсенді Әсия Төлесоваға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр. Полиция қызметкеріне қол көтеріп, қалпағын ұшырып түсірген оған «билік өкіліне күш көрсетті» деген айып бойынша іс қозғалған. Төлесова өз әрекетін наразыларды аямай ұстап жатқан полицияға қарсы «эмоцияға берілу» деп түсіндіреді.