«Отбасы банк» қосымшасынан зейнетақы жинағын аударатын шот ашуға болады

«Отбасы банк» қосымшасында зейнетақы қорындағы жинақты қабылдайтын функция іске қосылды. Тұрғындар өтінімді бүгіннен бастап жолдауларына болады. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қосымшасындағы жеке кабинетке кіріп, «зейнетақы аудару үшін шот ашу» қызметін таңдайсыз. Өтінішке қол қойған соң бірнеше секунд ішінде шот дайын болады. Арнайы операция дүйсенбіден сенбіге дейін сағат таңертеңгі 9-дан кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал «Отбасы Банкінің» клиенті болып табылмайтын зейнетақы қорының салымшылары үшін ағымдағы шоттар ашу ұсынылып отыр. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 24 мобильді қосымшасын құрылғыңызға қондыру қажет. Қолданыстағы ұялы телефон мен ЖСН нөмірін енгізу арқылы өтініш бере аласыз. ? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top