Астана : “Серпін“ медколледжге тегін 75 грант ұсынады

АСТАНАДА МЕДИЦИНА САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН ГРАНТТЫҢ ИЕГЕРІ АТАНУҒА АСЫҚ. “Серпін“ жобасы бойынша Астана қаласындағы Медицина-техникалық колледжіне 75 грант бөлінді. Бұл ГРАНТТАР медицина саласындағы ең тапшы екі мамандыққа *“Медициналық оптика“ жəне “Медициналық жабдықтарды жөндеу бойынша электромеханик“ бөлімдеріне беріліп отыр. Медицина-техникалық колледжі талапкерлерді 9 сыныптан кейін қабылдайтын Астана қаласындағы жалғыз колледж! Колледж студенттері ай сайынғы шəкірақымен бірге жатақханамен қамтамасыз етіледі. Ал оқу орнын бітірген түлектер келісімшарт бойынша жұмысқа орналастырылады. Медицина саласында сапалы білімге ұмтылсаң, сұранысқа ие маман болуды қалайтын болсаң мүмкіндігіңді жіберіп алма! Құжаттарыңды 20-шы тамызға дейін тапсырып үлгер! Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарлас: 7 708 788 5158, немесе serpin@, , электронды пошталарына хат жолда.
Back to Top